Пәкістанда толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан 17 адам қаза тапты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістандағы Пенджаб провинциясында жауған нөсер жаңбыр салдарынан 17 адам мерт болды. Бұл туралы Geo.tv телеарнасы хабарлады.&nbsp;</h4>

 21 Тамыз 2020 2020, 17:58
21 Тамыз 2020 2020, 17:58
1971

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістандағы Пенджаб провинциясында жауған нөсер жаңбыр салдарынан 17 адам мерт болды. Бұл туралы Geo.tv телеарнасы хабарлады. 

Телеарнаның хабарлауынша, үш үйдің шатыры құлап, 15 адам қаза тапқан, 17 тұрғын зардап шеккен. Сонымен қатар, нөсер салдарынан «Касба-Бхал» көмір шахтасында көшкін жүрген, үш адам опат болып, бес тұрғын жарақат алды. 

Синоптиктердің болжауынша, келесі аптада жаңбыр толассыз жауады. Пенджабтың көптеген ірі қаласында қозғалыс қиындап, электр энергиясын жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін.




Наверх