Азамат Советбеков – Астанадағы менталдық денсаулық орталықтарының бірінде жұмыс істейтін аддиктолог маман, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз Азаматпен қазіргі Қазақстанның дертіне айналған, арты қарыз, қылмыс, ажырасу, өз-өзіне қол салуға апаратын ойынқұмарлық жөнінде сөйлестік. Себебі бүгінде Азамат Нұрбекұлы өзі басынан өткерген лудоманияны өзгелердің жеңуіне көмектесіп жүр.
Ол BAQ.KZ-ке берген сұхбатында жеке тәжірибесі мен клиенттерінің оқиғалары арқылы ойынқұмардың табиғатын ашып берді. Құмар ойындарға тәуелділік себептері мен одан шығу жолдарын айтты.
Сұхбат ата-ананың баласының құмар ойындарымен танысуының алдын алатынына, лудоманға ой салатынына, оның жақындарына көмек құралы болатынына сенеміз.