"Өзімізді неге алдаймыз?". Депутат еліміздегі кедейлік туралы айтты

2 Мамыр 2024, 15:20
1617
Бөлісу:
"Өзімізді неге алдаймыз?". Депутат еліміздегі кедейлік туралы айтты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров елдегі статистика мен халықаралық деректердің сәйкеспейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің ресми мәліметтері бойынша елдегі кедейлердің саны - 4,8 пайыз. Бірақ халықаралық стандарттарға келетін болсақ, Дүниежүзілік банк бүгінгі таңда әрбір адамның кедейлік шегін айына 90 мың теңге деп есептейді. Егер бұл методикамен есептесек, Қазақстан халқының 16 пайызы кедей. Неге біз осы өзіміздің стандарттарымызды халықаралық стандарттарға сәйкес келтірмейміз. Неге біз өзімізді-өзіміз алдаймыз? Заң аясында Қазақстанның кедейлік шегін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін қандай қадамдар жасауға болады?, - деді Саиров.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев қолданыстағы ереже мен әдістемелер Дүниежүзілік банктің өкілдерімен бірге әзірленетінін айтады.

Жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Осындай әдістеме бүкіл ТМД елдерінде қолданылады. Бұл ақпарат дұрыс деп санаймыз, - деді Тұрлыбаев.

Өзгелердің жаңалығы