Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қазақстанға лақап ат қоятындарға ескерту жасады. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Жақсыбек Жиеналиевтен сұрадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ондай ат қоятындарға Қазақстанды "Штрафстан" деп атап жүргендерді жатқызуға болады.
Қазақстанда экономика, халықаралық қатынастар, мәдениет салаларында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, азды-көпті жетістіктер бар. Әрине, сынау оңай, бірақ жақсы жақтарын да айтуды үйренуіміз керек. Өзімізді мазақтап, түрлі лақап ат қойып жамандаудан біз ештеңе ұтпайтынымыз анық. Ешкім біздің кемшілігімізді сырттан келіп түзетіп бермейді. Иә, пікір айтуға, сынауға әрбір Қазақстан азматы құқылы, бірақ елдің имиджіне, беделіне нұқсан келтірмеу жағын да ескеру қажет деп ойлаймын. Меніңше заң аясында тәртіп болуы тиіс, – деді сарапшы.