"Өзім нүктесін қояйын": Қамаудан шыққан Алмас Кішкенбаев өзі туралы айтты

Кеше, 19:00
300
Бөлісу:
"Өзім нүктесін қояйын": Қамаудан шыққан Алмас Кішкенбаев өзі туралы айтты
Фото: youtube.com/Khabar_TV

Әнші Алмас Кішкенбаев басы дауға қалғалы алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін деп ойлаған едім. Барлығы жарыса жазыпты. Жарайды. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Қолдау білдірген жандар қаншалықты болса, рейтиң жинаған, хайп қуған жандар да жеткілікті болды. Барлығы құдайға шүкір аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін. Заңға бағынам. Бірақ маған айыппен келіскен емеспін. Келіспеймін де. Бәрі құдайға шүкір аяқталды. Маған бұдан былай бұл ақпарат жөнінде сұрақ қоймасаңыздар болады. Осы жерден өзім нүктесін қояйын. Айтарым осы. Аман болыңыздар, – Алмас Кішкенбаев.

Бұған дейін Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған еді.

Өзгелердің жаңалығы