Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өзгерістер қағаз бетінде қалып қоймауы керек – Қошанов

18 Маусым 2025, 15:31
570
Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есебін талқылап болғаннан кейін елімізде жағымды өзгерістер байқалып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл жағымды өзгерістер бар екенін көріп отырмыз. Ішкі жалпы өнімнің өсу қарқыны біртіндеп үдеп келе жатқаны байқалады. Соңғы 5 айда ішкі жалпы өнімнің өсімі 6 пайызды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсімі – 18 пайыз. Барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалып жатыр, - деді Қошанов.

Мәжіліс төрағасының сөзінше, бұл Мемлекет басшысының экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі нақты тапсырмаларының нәтиже беріп жатқанын көрсетеді.

Ендігі кезекте, осы қарқынды бюджет кірісінің нақты өсіміне ұластырып, инфляция мен бағаны төмендетуге оң ықпал етуіне бағыттауымыз қажет. Өзгерістер қағаз бетінде қалып қоймауы тиіс. Оны еліміздің әр тұрғыны, әр отбасы сезінуі керек, - деп айтты Ерлан Қошанов Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы