Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары 27-29 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Жақын күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, батыста, солтүстік-батыста кей жерде қатты жаңбыр жауады.
«Республиканың қалған аумағында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасы жоғарылап, қатты ыстық болады деп күтілуде», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Еліміз бойынша кей жерде найзағай ойнап, жел соғады, бұршақ та жаууы мүмкін.
Демалыс күндері Қазақстанның батысынан басқа аймақтарда күн ысиды