Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-4 сәуір аралығында өңірде ауа температурасының күрт жылынуына байланыста су деңгейі көтерілу қаупі бар, деп хабарлайды altaynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар, өзен бастауындағы мұздықтар еріп, су деңгейі көтеріліп, қызыл су жүруі мүмкін.
Көшелерді, үйлерді су басу қаупі жоғарылайды. Сондықтан облыс тұрғындарына аулаларын қардан тазартып, төтенше жағдай болған жағдайда эвакуациялауға дайын болу, ең қажет деген заттар мен құжаттарын дайындап, малды қауіпсіз жерге апару керектігі ескертіледі, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.