Өздігіңізбен емделуге ұмтылмай, дәрігердің көмегіне жүгініңіз – Динагүл Баешева

13 Қаңтар 2021, 18:50
1398
Бөлісу:
Өздігіңізбен емделуге ұмтылмай, дәрігердің көмегіне жүгініңіз – Динагүл Баешева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында коронавирусқа байланысты қазіргі жағдайға қатысты пікір білдірді.

Шілде және тамыз айларында өлім-жітім жағдайы өте көп болды. Локдауннан шыққан халық санитарлық ережелерді сақтамағандықтан, ауруханаға келген адамның саны ұлғайды. Бұл – бүкіл дүние жүзінде болған жағдай. Клиникалық хаттамаға сәйкес, қазір жағдай қалыпты. Өйткені уақытылы қолданылған іс-шараларға сәйкес, адамдар сақтық шараларын орындауда. Қазір ешкім ауруды жасырмай, керісінше, аурудың бастапқы белгілері байқалған жағдайда бірден дәрігерге көрінуде. Осылайша ауыр деңгейдің алдын алудамыз. Әлі де вируспен ауыратын азаматтар болады. Вирус бірден тоқтайды деген сөз емес, өйткені «эпидемиологиялық жағдайдың жалғасы» болатыны анық, бұл – заңды процесс. Біз бастан өткен оқиғалардан сабақ алып, жиналған тәжірибенің арқасында қауіпті азайтамыз, - деді Баешева.
Дәрігердің айтуынша, қазіргі қалыпты жағдай адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті сезінгеннен кейін орнады. Сонымен қатар азаматтар стереоидты емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер және антикоагулянтты дәрілік заттармен амбулаториялық кезеңде тегін қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, бұған дейін кезінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын айтып өткен болатын.

Раушан Арманқызы
Өзгелердің жаңалығы