Өзбекстанмен 70-ке жуық бірлескен жобамыз бар - Тоқаев

8 Тамыз 2024, 13:55
417
Бөлісу:
Өзбекстанмен 70-ке жуық бірлескен жобамыз бар - Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек саудасын қысқа уақыт ішінде бес миллиард долларға жеткізуге болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаевтың сөзінше, таяу жылдары бұл көрсеткішті екі еселеуге болады.

Ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика, коммуникация, цифрландыру секілді перспективті салалардағы ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалану маңызды. Бұл ретте қазақ-өзбек шекарасындағы «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын тезірек іске қосу қажет. Мемлекетаралық кеңес пен Өңіраралық ынтымақтастық форумының қызметінен де елеулі нәтиже күтеміз. Өңірлік кооперацияға зор үміт артамыз. Қазіргі кезде жалпы сомасы 3 миллиард доллардан асатын 70-ке жуық бірлескен жобамыз бар. Оның аясында 14 мың жұмыс орны ашылады. Біз бұл бағыттағы байланыстарды одан әрі нығайтып, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға әзірміз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит артықшылықтарын барынша тиімді пайдалану маңызды екенін айтты.

Бұл ретте Мемлекет басшысы тарифтерді оңтайландыру, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және жүк жеткізу мерзімін қысқарту жөнінде бірлескен шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы