Өзбекстандағы сынақтан кейін Қытай төртінші вакцинасын бекітті

16 Наурыз 2021, 15:26
1843
Бөлісу:
Өзбекстандағы сынақтан кейін Қытай төртінші вакцинасын бекітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың ғылым академиясы коронавирусқа қарсы төртінші вакцинаны пайдалануға рұқсат берді, деп жазды centralasia.media. 

Препарат қытай аламанының аналық безінің жасушаларын пайдалану арқылы жасалған. 

22 ақпанда Өзбекстанның заң шығарушы органы аталмыш вакцинаны төтенше жағдай кезінде қолдануға рұқсат берді. Вакцина наурыздың бірінде қолданысқа енгізілді және тиімді препарат ретінде бағаланды.

Академия мәліметіне сәйкес, аталмыш вакцинаның клиникалық сынамасының екі кезеңі өткен жылдың қазан айында аяқталды. Нәтижесінде оның айтарлықтай қарсы көрсетілімдері жоқ екені және әлемдік стандартарға сай екені анықталған. Вакцинаның үшінші клиникалық сынамасы өткен жылдың қараша айында Қытайдан өзге Өзбекстан, Пәкістан, Эквадор мен Индонезияда басталды. Оған 29 мың адам қатысты. Өзбексан сынаманы алғаш бастаған ел ретінде танылып отыр.


Өзгелердің жаңалығы