Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өзбекстанда сайлауға дейінгі тыныштық күні басталды

8 Шілде 2023, 15:49
1010
Бөлісу:

Өзбекстанда президентті кезектен тыс сайлау қарсаңында сенбі, яғни бүгін «тыныштық күні» өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Өзбекстан Спутник сайтына сілтеме жасап.

Президент сайлауының негізгі күні 9 шілдеге белгіленген. Дауыс беруге бір күн қалғанда, яғни «тыныштық күні» республика бойынша сайлауалды үгіт-насихаттың кез келген түріне тыйым салынады.

7 маусымда республикада барлық кандидат тіркелгеннен кейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталған болатын.

28 маусым мен 5 шілде аралығында республикадағы және шетелдегі барлық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру өтті. 2023 жылдың 1 шілдесінде 376 623 сайлаушы мерзімінен бұрын дауыс беру құқығын пайдаланды. Оның 275 592-сі республика аумағында, 101 031-і шетелде дауыс берді.

Өзбекстанның ОСК президент лауазымына барлығы төрт кандидатты тіркеді:

1) Халық демократиялық партиясынан (ХДП) – Ұлықбек Ілиясұлы Иноятов;

2) Кәсіпкерлер және іскер адамдар қозғалысы – Либералдық-демократиялық партиядан – Шавкат Миромонович Мирзиёев;

3) «Адолат» социал-демократиялық партиясынан - Робахон Анваровна Махмудова;

4) Экологиялық партиядан - Хамзаев Абдушукур Худойкулович.

Сонымен қатар Улугбек Иноятовтың 15, Шавкат Мирзиеевтің 14, Робахон Махмудова мен Абдушукур Хамзаевтың 15 сенімді өкілі тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы