Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Өзбекстанда бірнеше әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылды. Бұл туралы елдің Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның&nbsp;мәлімдемесінде&nbsp;айтылған.</h4>

 4 Шілде 2021 2021, 05:45
4 Шілде 2021 2021, 05:45
2943

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда бірнеше әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылды. Бұл туралы елдің Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәлімдемесінде айтылған.

Әлеуметтік желілерді пайдалану Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шектелгені хабарланды. 2 шілдеден бастап олар анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін «Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізіміне» енеді.

Әзірге қай әлеуметтік желі екені белгісіз, бірақ қолданушылар Twitter, TikTok және ВКонтакте, сондай-ақ Skype жұмысында қиындықтар болғанын хабарлады.

Наверх