Өзбекстан қазақ еліне бауыр әрі тату көрші – Тоқаев

Бүгiн, 12:06
214
Бөлісу:
Өзбекстан қазақ еліне бауыр әрі тату көрші – Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақ-өзбек қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатыр. Бұл туралы Ақордадағы шағын құрамдағы кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең алдымен, менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін Президент Шавкат Мирзиёевке шынайы ризашылығымды білдіремін. Туысқан өзбек халқының басшысын қазақ жерінде қарсы алу біз үшін үлкен құрмет әрі мәртебе. Өзбекстан қазақ еліне бауырлас мемлекет, тату көрші, маңызды серіктес. Халықтарымыздың мызғымас достығы - ортақ тарихқа және құндылықтарға негізделген. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатыр, - деді Қазақстан Президенті.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Өзбекстанмен ынтымақтастығы нығайта түсуге айрықша көңіл бөледі.

Былтыр Одақтастық қатынастар туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бүгін алдағы 10 жылға арналған стратегиялық әріптестікті және одақтастықты дамыту бағдарламасын бекітеміз. Осы маңызды қадамдар екі елдің байланысын дамытуға айрықша серпін береді деп сенеміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Ақордада қарсы алғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы