Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі.
Бүгінде арнайы комиссия конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Өзбекстан парламенті елдің негізгі құжатына өздігінен өзгеріс енгізе алады. Алайда Мирзиеев заң жобасын жалпыхалықтық рефрендум арқылы қабылдауды ұсынды.
Конституциялық реформаны халықтың пікіріне және қолдауына сүйеніп өткізсек, халқымыздың өз еркін білдіруі – нағыз халықтық конституция болады, - дейді Өзбекстан басшысы.
Айта кетері, бұған дейін Мирзиеев 2022 жылдың желтоқсанына дейін конституцияны жаңарту туралы бастама көтерген. Мамырдың соңында парламент коституциялық комиссия құрды. Мамандар негізгі заңға енгізілетін түзетулерді әзірледі. Өзбекстан басшысы конституциядан өлім жазасын алып тастауды ұсынды.
Өзбекстан конституциясы 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған болатын. Осы уақытқа дейін оған 15 рет өзгеріс енгізілген.