Өзбекстан премьер-министрі орнында қалды

21 Қаңтар 2020, 18:58
2212
Бөлісу:
Өзбекстан премьер-министрі орнында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абдулла Арипов Олий Мажлис палаталарының бірлескен отырысында Өзбекстан премьер-министрі лауазымына бекітілді, деп хабарлайды Газеты.uz.

Бұған дейін Парламентте ең көп депутаттық орны бар Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы президентке үкіметтің қазіргі басшысы Абдулла Ариповты премьер-министр қызметіне ұсынды.

Отырыста Арипов министрлер кабинетінің жақын және орта мерзімді жоспарларына арналған бағдарламасы туралы баяндады.

Президент ұсынған кандидатты жасырын дауыс беру кезінде заң шығару палатасының 148 депутаты қолдаған, біреуі – бейтарап қалып, енді біреуі дауыс бермеді. Сенаторлар арасынан Абдулла Ариповты 94 адам қолдады, үшеуі дауыс бермеді. Парламент палаталарының ешқайсысынан қарсы дауыс болған жоқ.

1961 жылы туған Абдулла Арипов Үкіметті 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап басқарды. Оған дейін 10 жылдан астам (2002 жылдың мамыры мен 2012 жылдың тамызына дейін) премьер-министрдің орынбасары болып жұмыс істеді. 2005-2009 жылдары Өзбек байланыс және ақпараттандыру агенттігін басқарды.

2016 жылдың қыркүйек айында жаңа президент сайланғаннан кейін Абдулла Арипов Жастар саясаты, мәдениет, ақпараттық жүйелер және телекоммуникация мәселелері жөніндегі министрлер кабинеті кешенінің вице-премьері және жетекшісі ретінде Үкіметке қайта оралды.

Өзгелердің жаңалығы