Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Олий Мәжіліс төрағасы Танзила Нарбаева Орталық Азия әйелдері диалогының конференциясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елордада «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы өтіп жатыр.
Биыл Өзбекстан Республикасы отбасындағы зорлық-зомбылық туралы заңнаманы қайта қарап, әкімшілік қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мәжіліс төрағасы Танзила Нарбаева диалогтың маңызды екенін айтты.
Біз Орталық Азия көшбасшылары әйелдері диалогын 2020 жылы құрған болатынбыз. Осы уақыттан бері диалог тәжірибе алмасып келеміз. Бірінші кезекте заң шығару аясында. Шынында да, қазіргі кезде ең маңыздысы – гендерлік теңдік аясында құқықтық негіз құру. Біз нормативтік-құқықтық негізді жақсартып, әйелдеріміздің дамуына жағдай жасап жатырмыз, - дейді Нарбаева.
Ол парламенттік бақылау күшейтілгенін айтып, гендерлік теңдікті құру аясында заңдарды және үкіметтік шешімдерді жүзеге асыру бойынша өңір елдерінің бірлескен жұмысы соңғы 3 жылда диалогтың қаншалықты сұранысқа ие алаң екенін көрсетіп отырғанын сөз етті.
Өзбекстанда гендерлік теңдік бойынша құрылым жұмыс істейді. Оның жұмысына диалогта қарастырылатын мәселелер енгізіледі. Біз өзіміздің ұлттық Өзбекстан көшбасшы әйелдерінің диалогын құрды. Оның аясында өзекті мәселелерді қарастырамыз. Әйелдердің заңды мүдделерін күшейту, олардың қоғамдағы және мемлекеттік өмірдегі рөлін күшейту бойынша жұмыс істейміз. Бірқатар нормативтік-құқықтық акті қабылданды. Олар әйелдердің мүдделерін қорғауға бағытталған. Олардың құрамындағы заңдар, тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін заңдар қатаңдатылады және әйелдер мен еркектердің теңдегіне қол жеткізу үшін жұмыс атқарылады. Бұл заңнамалық актілер прогрессивті болып танылған, - деп айтты Олий Мәжіліс төрағасы.
Спикер конференцияда Өзбекстан осы бағыттағы тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.