Өзбекстанда жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға кем дегенде 1 миллион доллар салған жеке тұлға азаматтықты жеңілдікпен алуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап.
«Өзбекстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын 8-23 қараша аралығында қоғам талқылайды.
Заң жобасы мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттыруды көздейді.
Қазір азаматтықты шетелде тұратын этникалық өзбек немесе Өзбекстанда кемінде бір туысы бар азаматтығы жоқ тұлға ала алады. Өзбек азаматтығын алғысы келетін адам ел Конституциясын сақтап, мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Енді осындай жеңілдікке республика экономикасына инвестиция салған шетел азаматы да ие болуы мүмкін.