Өзара түсіністік тапшылығының куәсі болып тұрмыз – Қырғызстан президенті

4 Шілде 2024, 16:55
297
Бөлісу:
Өзара түсіністік тапшылығының куәсі болып тұрмыз – Қырғызстан президенті
Фото: Ақорда

Бұл туралы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров "ШЫҰ плюс" форматындағы кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін біз әлемдегі тұрақсыздық пен белгісіздіктің, диалог пен өзара түсіністіктің үлкен тапшылығының куәсі болып тұрмыз. Өкінішке қарай, қазіргі заманның ортақ сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне бірлесіп қарсы тұру үшін күш біріктірудің орнына геосаяси конфрантацияның күшеюі, біржақты санкциялар мен күштік әдістерді қолдану халықаралық құқық нормаларын бұзу байқалады, - деді ол өз сөзінде.

Садыр Жапаров аталған сын-тегеуріндерге Шанхай ынтымақтастық ұйымы оған мүше елдердің ынтымақтастығын нығайту арқылы жауап бере алатынынын жеткізді.

Осы сын-тегеуріндерге біздің бірлескен жауабымыз Шанхай рухын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы өзара сенім, өзара пайда, теңдік, бір-бірінің мүдделерін есепке алу, сыртқы әлемге ашықтық, қарсыласу мен қақтығыстардан бас тарту негізінде ынтымақтастықты нығайту, - деді Жапаров.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Лукашенко долларға тәуелділікті азайтуға шақырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы