Үкіметте Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа Моңғолия азаматтығына өтініш берген дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг жөнінде сұрақ қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ербол Мырзабосынов дзюдошы спортшы ретінде және бапкер ретінде біздің спортшыларға серпін бергенін айтады.
Әлем аренасында табысты өнер көрсетіп жүр. Біз федерациямен сөйлестік. Спортшының отбасы, түп-тамыры Моңғолияда. Спортшы енді өз құрамасымен жұмысын жалғастырады. Мұндай тәжірибелер бар. Басқа елден тартылатын спортшылар жөнінде бұрын да мәселелер көтерілген. Алдағы уақытта біз отандық спорт мектебінің спортшыларымен жұмыс істейміз. Енді өз кадрларымызды дайындаймыз, – дейді Ербол Мырзабосынов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Премьер-министр Олжас Бектенов спорт саласана қатысты біршама мәселелерді айтты. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың формасына қатысты сұраққа жауап берді. Сондай-ақ ол спортшылардың діншілдігіне қатысты сұраққа да жауап беріп, ойын ортаға салды.