Ойық өзенінің жағасынан жоғалған жігіттің мәйіті табылды

21 Маусым 2022, 19:35
1087
Бөлісу:
Ойық өзенінің жағасынан жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ойық өзенінің жағасынан жоғалған жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Темір ауданында 13 маусым күні полиция бөлімдерінің біріне баласының жоғалғаны туралы анасы арызданды. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленуші мен досының арасында жанжал туындағанын анықтады. Жанжал кезінде 29 жастағы күдікті 25 жастағы досын монтировкамен ұрып, автокөлігіне тиеп, Ойық өзенінің жағасына апарып тастаған.  

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы