"Ойнайтын площадка жасап беріңізші": Балақай әкімге өтініш жасады

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылының әкімі Еркебұлан Жәнібек мектеп оқушыларымен кездесті. Жиында кішкентай балақай көшесіне ойнайтын алаң салып беруді өтінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 коллаж BAQ.KZ 30 Мамыр 2025 2025, 15:08
30 Мамыр 2025 2025, 15:08
1234
Фото: коллаж BAQ.KZ

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылының әкімі Еркебұлан Жәнібек мектеп оқушыларымен кездесті. Жиында кішкентай балақай көшесіне ойнайтын алаң салып беруді өтінді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"1 Маусым – балаларды қорғау күні" мерекесіне орай жастармен еркін тақырыпта іс-шара өтті.

Ауылдың кішкентай тұрғыны әкімнен балалар ойнайтын ойын алаңын салып беруін сұрады.

Көшемізге ойнайтын площадка жасап беріңізші, - деді балақай.

Әкім алдымен баланың қай көшеде тұратынын сұрап алды да, "жақсы" деп жауап берді.

Сен қай көшеде тұрасың? Бесбосынов көшесінде ме? 3-кварталда? Жақсы, болады, - деді Еркебұлан Жәнібек.

Сондай-ақ ауыл әкімі алдағы уақытта балалар ойнайтын алаңдары мен саябақ салынатынын мәлімдеді.

Наверх