«Ойлан, тәубеңе кел». Депутат жер сілкінісі туралы пікір білдірді

23 Қаңтар 2024, 15:07
1659
Бөлісу:
«Ойлан, тәубеңе кел». Депутат жер сілкінісі туралы пікір білдірді
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Instagram желісінде Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты пікір білдіріп, жазба жариялады деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты, жер сілкінісі ескерту екенін айтады.

Талайды тәубесіне келтірген күн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінгенде бүгін қандай хәлде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені  үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді, сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан, тәубеңе кел, - деді Назаров.

«Ойлан, тәубеңе кел». Депутат жер сілкінісі туралы пікір білдірді
Өзгелердің жаңалығы