Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Отызға жуық адам суға батып бара жатқан кемеде қалып қойды

12 Наурыз 2025, 23:55
8384
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Отыз шақты турист Таиландтағы Андаман теңізіндегі суға батып бара жатқан кемеде қалып қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Bangkok Post таратқан мәліметке сүйенсек, кеме Ко Липе аралынан Пхукеттегі курорттардың біріне қарай бағыт алған. Теңіздің толқыны қатты болғандықтан кеме жақын маңдағы айлаққа жете алмай қалғаны белгілі болды.

Оқиға орнына патрульдік қайық пен жүрдек кеме жіберіліп, сол арқылы 28 жолаушы құтқарылды.

Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

Өзгелердің жаңалығы