"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

28 Тамыз 2024, 16:08
2956
Бөлісу:
"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Елордада Парижде өткен жазғы олимпиада ойындарының нәтижесі бойынша кеңейтілген алқа отырысында спорт саласындағы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Алқа отырысына министрлік өкілдері, спорт ардагерлері, Олимпиада чемпиондары, басқарма және федерация басшылары, бапкерлер мен спорт мамандары қатысты. Негізгі қаралған мәселе Олимпиада нәтижесі мен одан кейінгі атқарылатын жұмыстар мен алда болатын спорттық жарыстар болды.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Жақында Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлері мен бапкерлермен кездескен еді. Президент спортшыларымыздың жетістіктерімен құттықтап, Париждегі бәсеке олимпиадалық спорт түрлерін одан әрі қолдау маңызды екеніне тоқталған болатын.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Мемлекет ең жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындауға жеткілікті мөлшерде қаржы бөледі. Сондықтан жұртшылықтың халықаралық жарыстарда кейбір спорт түрлерінен жүлде күтуі – заңдылық. Салалық ведомство спорттың олимпиадалық түрлерін дамыту ісінде кеткен жүйелі қателіктерді егжей-тегжейлі талдауға тиіс. Кешенді реформа жасайтын уақыт келді. Ал оны жүзеге асыру үшін құзыретті министрлік, Ұлттық олимпиада комитеті және спорт федерациялары үйлесімді әрекет етуі керек. Спортта әділ бәсекелестік рухы салтанат құруы қажет. Жемқорлықпен табанды түрде күресіп, жоғары нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретін протекционизм секілді факторлардан іргені аулақ салған жөн, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Париж Олимпиадасына қорытынды

Олимпиадаға барған спортшыларға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетілді. Алқа отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев олимпиадаға барған спорт түрлерінің федерация басшыларына көрсетілген нәтиженің көңіл қуантарлық емес екенін айтты. Соның бірі бокс федерациясы болды. Толық жолдамаға ие болған ұлттық құрама бұл олимпиадада 1 күміс, 1 қола медаль иеленді. Негізгі орындалуы керек жоспар алтын болған.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Спортшыларымыз психологиялық тұрғыдан дайын болмады. Бізге тарихи дерек керек емес. Барлығын жақсы білеміз, - деді Ермек Маржықпаев.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Рауан Игенев олимпиададан кейінгі қолға алған жұмыстарды айтып, баяндама жасады.

Көп нәрсе айтылды. Мәселелер бар. Қазіргі уақытта бапкерлер құрамы өзгерді. 2 жылға арналған жоспарымыз бар. Әрі қарай осы бағыт бойынша жұмыс істейміз, - деді Рауан Игенев.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Өңірлердегі спорт мәселесі

Министр, спортты дамытудағы жоспарларды өңірден бастау керегін ерекше атап өтті.

Нақты бағдарлама бойынша жұмыстар атқарылу қажет. Облыстық жарыстарды ұйымдастыру керек. Чемпиондар ауылда. Біз осыны ұмытпайық, - деді министр.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Сондай-ақ олимпиадаға жолдама алмаған облыстарды атап, спортқа жауапты сала мамандарының кабинетте отыра бермей сыртқа шығып жұмыс істеңдер деп ескерту жасады.

Ұлттық құрамаға 17 өңірдің спортшылары кірді. Алматы (17), Астана (14) және Шымкент (12) өкілдері көп жолдамаға ие болды. Ал Қостанай, Ұлытау және Маңғыстау облыстарының спортшылары бірде-бір лицензия алған жоқ, - деді ол.

Ермек Маржықпаев жергілікті атқарушы органдар олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беріп, саланы дамыту саясатын қайта қарауға ерекше тоқталды.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Спортты басқаруға, спортшылардың дайындығына жақсы әсер етеді деп ойлаймын. Біз жаңа Олимпиадалық циклді қазірден бастадық. Алда Лос-Анджелес Олимпиадасы күтіп тұр. Маңызды додаға қазірден дайындалу керек. Министрлік, федерациялар, бапкерлер, әкімдіктер, Ұлттық Олимпиада комитеті Париждегі жағдайдан сабақ шығарып, сапалы жұмыс жүргізуі қажет. Бұл – бәрімізге ортақ міндет, - деді министр.

Легионерлер мәселесі қалай шешіледі?

Президент спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтқан болатын.

Өйткені кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Бұл жерде кәсіби бапкерге басымдық берген жөн, – деді Мемлекет басшысы.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Министр Ермек Маржықпаев легионерлер мәселесі енді қалай шешілетінін айтты.

Мәжілісте заң жобасы қаралуда. Қоғам да осы сұрақты белсене көтеріп жатыр. Мәжілісте депутаттармен бірігіп легионерлер болашақта болмайды деп ұсыныс шығып жатыр, - деді министр.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады

Жиын барысында айтылған өзекті мәселелердің бірі спорттық резерв болды. Париж Олимпиада ойындарының нәтижесі еліміздің бірқатар облысында резерв дайындау жүйесінің проблемалары бар екенін көрсетті. Cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындауда негізгі факторлардың бірі – сапалы спорттық резервті қамтамасыз ету екенін жеткізді.

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдарынан бері олимпиада ойындарында медаль әкелген негізгі спорт түрлері: бокс, жеңіл атлетика, күрес түрлері (грек-рим, еркін, әйелдер күресі), жүзу, дзюдо. Алайда, бұл спорт түрлері бойынша кейбір аймақта облыстардан спорттық резервті жүйелі қамтамасыз ету жоқ. Бұл негізгі құрамды ауыстыруда қиындықтарға әкеледі. Балалар және жасөспірімдер спорттық мектептерінде (ДЮСШ) дамып жатқан 162 спорттың тек 52-сі олимпиадалық түріне жатады. Мысалы, жеңіл атлетика, жүзу, спорттық гимнастика сияқты спорт түрлері бойынша барлық өңірде жеткілікті материалдық-техникалық база бар. Алайда, ұлттық құрамадағы өңірлердің өкілдігі көңіл көншітпейді. Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері өз функциясын тиісті деңгейде орындап жатқан жоқ, - деді ол.

"Отыра бермей, жұмыс істеңдер": Министр спортқа жауапты мамандарға ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы