Отставкаға кету челледжін Словения премьер-министрі қабыл алды

27 Қаңтар 2020, 18:07
1542
Бөлісу:
Отставкаға кету челледжін Словения премьер-министрі қабыл алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Словения премьер-министрі Марьян Шарец өзінің отставкаға кету туралы хат жолдағанын, сондай-ақ мерзімінен бұрын сайлауға шақырғанын айтты. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Осы коалициямен және парламенттегі қазіргі жағдайға байланысты мен адамдардың үмітін ақтай алмаймын. Оның бәрін тек сайлаудан кейін орындай аламын, - деді Шарец журналистерге.  

Осыдан біраз уақыт бұрын қаржы министрі Андрей Бертончел отставкаға кетті. Ол Шарец партиясы ұсынған жаңа заңға наразылық білдірді. Аталған заңға сәйкес бюджет ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шығындарын өтейді.  

Елдің келесі сайлауды өткізу туралы мемлекеттік жиын 2022 жылдың орта тұсына жоспарланған. Марьян Шарец Словения премьер-министрі қызметін 2018 жылдың 13 қыркүйегінен бастап атқарып келеді.  Актер және журналист ретінде де танымал.
Өзгелердің жаңалығы