2024 жылы Қазақстанда қалдықтар көлемі 11,4%-ға артып, жалпы 4,6 млн тоннаға жетті, оның ішінде коммуналдық қалдықтар 3,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Сұрыпталған қалдықтардың көлемі 1,3 млн тоннаға жеткен, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары.
Сұрыпталған қалдықтардың ішінде макулатура мен картон 10,7%, ал пластик 9,9% үлеске ие болды, - делінген ақпаратта.
Өңірлер арасында ең көп сұрыпталған қалдық Алматы қаласында тіркелді — 398,5 мың тонна, одан кейін Қарағанды облысы (237,8 мың тонна) және Астана қаласы (207,9 мың тонна) тұр.
Ел бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару қызметімен 811 кәсіпорын айналысса, сұрыптау, кәдеге жарату және көму жұмыстары 227 ұйымның үлесінде.