Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді

Бөлісу:
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде 2024 жылдың қорытындысы бойынша 3,4 млн.астам тұрғын стационарлық ем алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 87 мың жағдайға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет кепілдік берген көлемнің шеңберінде емделген науқастардың жалпы санынан 1 млн.пациент медициналық көмек алды, МӘМС жүйесінде 2,4 млн. жағдай емделіп, 2023 жылмен салыстырғанда 76 мың жағдайға өсті. Стационарлық деңгейде 928 мың операция жүргізілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға немесе 35 мың жағдайға асып түсті. Сонымен қатар, жыл басынан бері қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің есебінен көрсетілген компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томография (МРТ) сияқты 1 млн.астам қымбат зерттеулерден өтті, - деп жазылған мәліметте.

Осы қызметтер ұсынылған 500 мың пациенттің 45 мыңы онкологиялық ауруларға күдік туындаған жағдайда зерттеуден өтті.

МРТ және КТ – бұл әртүрлі аурулар мен патологияларды ерте сатысында анықтауға, сондай-ақ ағзалар мен тіндердің жағдайын бағалауға көмектесетін маңызды диагностикалық әдістер.

Өзгелердің жаңалығы