Өткен жылы 170-ке жуық шетелдік елден шығарылған

9 Қаңтар 2021, 22:22
1598
Бөлісу:
Өткен жылы 170-ке жуық шетелдік елден шығарылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Алматы облысының полицейлері 169 шетелдік азаматтың қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамағанын әшкерелеп, ел аумағынан шығарған. Бұл туралы облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасы хабарлады.

2020 жылы облысқа 29 мыңнан астам шетелдік азамат келген. Оның екі жүзге жуығы алыс шетелден болса, басым бөлігі жақын мемлекеттерден келген. 

Көші-қон саласындағы заң талаптарын бұзғаны үшін былтыр 7872 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 169 шетелдік азамат елден шығарылды. Қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзу дерегі бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда үш есе аз, – деді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Елмұрат Нұрсейітов. 

Ведомство өкілінің ақпаратына сәйкес, заң талабын бұзғандарға 80 миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, толығымен өндірілген. Көші-қон полициясы алимент төлеуден жалтарған 364 адамның мекенжайын анықтаған. 

2020 жылы 10876 адам еліміздің азаматтығына қол жеткізді. Олардың басым бөлігіне төлқұжат жеңілдетілген тәртіппен әзірленді. Сонымен қатар 710 адам Қазақстан азаматы деп танылса, 480 өтініш беруші азаматтығы жоқ тұлға куәлігін алды. Өзге мемлекеттерге тұрақты тұруға 750 адам құжаттарын ресімдеді,- деп толықтырды Елмұрат Нұрсейітов.
Өзгелердің жаңалығы