Кезекші тәулік ішінде өрт сөндірушілер Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Жетісу облыстарында және Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 6 өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ күшімен 4 жеке тұрғын үйдің, 1 моншаның және 1 беседканың жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ өрт сөндіруден гөрі алдын алу оңай екенін еске салады.