Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 4 автокөліктің жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жағдай Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында орын алған.
ТЖМ күштерімен 3 жеңіл автомобиль мен 1 жүк көлігінің жануы сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство ақпаратында.
ТЖМ автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және электр жабдықтарын мерзімді диагностикадан өткізу қажеттігі туралы ескертеді.