Өткен тәулікте шетелден ПТР анықтамасыз 249 жолаушы келді

5 Ақпан 2021, 12:18
1241
Бөлісу:
Өткен тәулікте шетелден ПТР анықтамасыз 249 жолаушы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.


2 055 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 806 адам, анықтамасыз 249 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 149 жолаушы, анықтамамен - 1 043, анықтамасыз - 106;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 811 жолаушы, анықтамамен - 668; анықтамасыз - 143;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 95 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.



2021 жылдың 3 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген барлық 247 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өзгелердің жаңалығы