Өткен тәулікте індеттен 5 адам қайтыс болды

27 Қараша 2020, 09:10
1350
Бөлісу:
Өткен тәулікте індеттен 5 адам қайтыс болды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.


Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 73 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41756, 439 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30362 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 571 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 710 бала бар. Стационарларда 3 198 науқас жатыр. 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 210 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы