Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 9.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 986 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 003 бала бар. Стационарларда 3 747 науқас жатыр. 10 239 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 231 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 33 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.