Өткен тәулікте 7 адамнан вирус анықталды

26 Қазан 2022, 08:57
658
Бөлісу:
Өткен тәулікте 7 адамнан вирус анықталды

Өткен тәулікте елімізде 7 адам коронавирус жұқтырып, 1 адам аурудан жазылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Сондай-ақ министрліктің мәліметтеріне қарағанда осы уақытта елде 882 адам коронавирус инфекциясынан (-732+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың арасында 97 пациент стационарда, 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 26 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 10 841 992 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 602 948 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны 5 599 809 адамға жетті.

Өзгелердің жаңалығы