ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 819 адам коронавирус инфекциясынан (–1 636+ және 183 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 183 пациент стационарда, 1 636 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 3 адамның жағдайы ауыр, • 0 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.