Өткен тәулікте 465 адам құтқарылып, эвакуацияланды – ТЖМ

31 Желтоқсан 2023, 16:09
674
Бөлісу:
Өткен тәулікте 465 адам құтқарылып, эвакуацияланды – ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Кеше еліміздің құтқару мамандары жол бойында қалған 465 ересек, оның ішінде 39 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының автожолдарында 52859 әскери бөлімінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен қар құрсауында қалған 400-ге жуық адамды құтқарылды. Олар жақын маңдағы кемпингтерге, жылыту пункттері мен елді мекендерге жеткізілді. Бұқар жырау ауданында 29 қарашада ауа-райы қолайсыздығынан мал бағуға шығып, елді мекенге өз бетінше жете алмаған 3 адам табылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік ақпаратында Қарағанды облысы Абай ауданында қар құрсауында автокөлікпен қалған 4 адамды іздеу жұмыстары жүргізілгені айтылған.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды таң атарда тауып, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.

Одан бөлек Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында 29 желтоқсанда жылқы табынына шыққан шопан іздестірілді. Іздеу тобы жоғалған шопанды тауып, елді жақын маңдағы елді мекенге жеткізді, - деп жазылған ТЖМ-ның соңғы ақпаратында.

Осы орайда ведомство азаматтарды дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы