Өткен тәулікте Қазақстанда 28 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігінің 3 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 802 адам коронавирус инфекциясынан (–1 623+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 179 пациент стационарда, 1 623 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.