Өткен аптада ел аумағында 2800-ден астам қылмыс жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2802 қылмыс жасалды, оның 1689-ы тәулік ішінде ашылды, - делінген министрліктің хабарламасында.
Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.
Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 23 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстары ашылды, - дейді ведомство ақпаратында.