Отбасылық саясатты дамытудың екінші сатысы басталады

27 Қаңтар 2020, 12:25
1860
Бөлісу:
Отбасылық саясатты дамытудың екінші сатысы басталады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі отбасылық-гендерлік саясатты дамытудың 2030 жылға дейін екінші сатысын жүзеге асыруға кірусуді жоспарлап отыр. 

Бұдан бөлек, министрлік қазақстандық жастарға арналған арт-хаб құрылатынын ведомство басшысы Дәурен Абаев кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

...Үшіншіден, отбасылық-гендерлік саясаттың 2030 жылға дейін екінші сатысын жүзеге асыруға кірісу. Ол көпбалалы отбасыларды, жалғызбасты аналарды қолдау шараларын, дағдарыс орталықтарының, әлеуметтік қызметтердің жұмысын жетілдіру және т.б. Төртіншіден, мемлекеттік жастар саясатының мәселелері бойынша заң жобасын жасау қажет. Негізгі іс-шаралар: биыл біз ЭКСПО павильонында арт-хаб құру бойынша барлық мәселелерді пысықтауымыз керек. Бұл шығармашылық жастарға арналған бірегей заманауи алаң болады. Ол жерде жастар өздерінің жобалары мен бастамаларын жүзеге асырады. Оған қоса, мынадай шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, олар, "Зере" жастар танымдық лагері. Бесінші республикалық әкелер форумы және халықаралық сараптамалық форум, Қазақстан мен Ресей волонтерлік кеңесінің құрылуы. Осы шаралардың өтуін вице-министр Ғ.Оспанқұловқа тапсырамын, - деді министр.

Қазір елордадағы "Қазмедиа" орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр. Жиында министр Дәурен Абаев телеарналар мен интернет ресурстардың мемлекеттік тапсырысты орындау критерийін бағалау жүйесі өзгеретіні және жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" конкурсы өтетіні туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы