Отбасылық тирандар қалай жазаланады?

6 Тамыз 2020, 17:07
2745
Бөлісу:
Отбасылық тирандар қалай жазаланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы Әсет Оспанов тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға қандай жаза қарастырылғанын айтты. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң үнемі жетілдіріп, Ішкі істер министрлігінің басқармасымен оған 12 рет түзету енгізілді. Атап айтқанда, қорғау нұсқамасын қолдану мерзімі 10-нан 30 тәулікке дейін ұзарды. Жергілікті полиция бастықтарынан басқа қорғау нұсқамасын шығару құқығы учаскелік, ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторларға берілді. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қажетті іс-шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік берді. Отбасылық тиранды тұрғын үйден уақытша, 30 тәулікке дейін шығаруға және жәбірленушінің кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасауға, 3 айдан бір жылға дейін мерзімге есірткі, психотроптық заттар мен алкогольді пайдалануына тыйым салу қарастырылған, - деді ол.
Оспанов атап өткендей, мәселенің өзектілігіне қатысты ІІМ Мемлекет басшысының 2019 жылғы Жолдауындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату бойынша тапсырмасын жүзеге асырды.  
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер полиция сотқа отбасылық тиранның жүйелік зорлығына қатысты деректерді жинап көрсетуге мүмкіндік алды. Денсаулыққа зиян келтірген отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық жаза қарастырылған. Ол бұрындары тек жәбірленушінің арызы бойынша ғана жүзеге асырылатын. Сондай-ақ отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы санкция 3-тен 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау күшейді, - деді ол. 
Ол атағандай, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша санкция 5-10 тәулік пен айыппұл қарастырылған. 
Осы бұзушылық 1 жылдың ішінде қайталанса, баптардың санкция бойынша денсаулыққа мақсатты түрде зиян келтіргені үшін 20 тәулікке, қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке жаза қолданылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы