9 сәуірден бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тыйым алты айға енгізіледі және Қазақстанға үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрлерімен жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге қатысты. Бірақ ол біздің еліміздің аумағы арқылы жұмыртқа транзитіне қатысты емес.
Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.
Айта кету керек, осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толығымен жабылады. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құннан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне теріс әсер етеді.
Сондай-ақ, осы кезеңде жұмыртқаны сақтау мерзімі қысқарады, бұл ретте технологиялық ерекшеліктерге байланысты жұмыртқа өндіру көлемі азаймайды, бұл қоймаларда тауардың артық жиналуына әкеледі.
Осыған байланысты, отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда көктемгі-жазғы кезеңге барлық көлік түрлерімен тауық жұмыртқаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу шараларын белгілеудің орындылығы мақұлданған болатын, – деп жазылған министрлік мәліметінде.