Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары әлемдік сынды бір қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлады Olympic.kz.
Елімізге жалғыз жүлдені сыйлаған – Қайрат Сарымсақов. Ол 74 келі салмақта жартылай финалға жетіп, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионына есе жіберді. Бұл Қайраттың қола медаль еншілеуіне жеткілікті нәтиже болатын. Сарымсақов осыдан екі жыл бұрынғы әлемдік сында да үздіктер қатарына енген.
Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы көрсеткіші төмендегідей:
3-орын – Қайрат Сарымсақов (74 келі)
5-орын – Смайыл Дүйсебай (87 келі)
9-орын – Руслан Жапаров (+87 келі)
9-орын – Эльдар Бірімбай (63 келі)
9-орын – Елдос Ысқақ (68 келі)
10-орын – Нұрсұлтан Мамаев (68 келі)
12-орын – Жансель Дениз (73 келі)
17-орын – Нұрлан Мырзабаев (80 келі)
19-орын – Фариза Алдоңғарова (53 келі)
25-орын – Фатима Жақсыбаева (62 келі)
25-орын – Мереке Жүнісова (+73 келі)
28-орын – Темірхан Самат (54 келі)
37-орын – Ақсәуле Ерқасымова (67 келі)
38-орын – Ботагөз Қапанова (57 келі)
38-орын – Айнұр Уашбай (46 келі)