Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ жалпы сомасы 50 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын ұсынды.
Бүгінгі күні алғаш рет бизнес өкілдеріне капиталға жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы ұсынылды. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен капиталға қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді.
«Бағдарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында жасалды. Бағдарламаны әзірлеуге отандық кәсіпкерлердің алдында тұрған проблемалар негіз болды, атап айтқанда: қаржыландырудың жоғары құны, жоғары несие жүктемесі, кепілдіктің жеткіліксіздігі, ұзақ мерзімді несиелендірудің болмауы, сондай-ақ несие алған бизнес өкілдері үшін қарызды өтеудегі ауыр шарттары. Бұдан басқа, Бағдарлама инвестицияларға бизнестің қолжетімділігін жеңілдету және капиталды тікелей қаржыландыру құралын пайдалануды кеңейтуге арналған» - дейді бағдарламаның еншілес ұйымы «Baiterek Venture Fund» АҚ басқарма төрағасы Жандар Құтбаев.
Қазына Капитал Менеджмент банктік несиелендіруге қолжетімді балама құрал ретінде ұсынды.
Бағдарлама қаржыландырудың тартымды шарттарын қамтамасыз етеді: пайыздық мөлшерлемесі жылына 8%, инвестиция 10 жылға дейін беріледі және көлемі 5 млрд теңгені құрайды. ККМ-нің қаржыландырылған кәсіпорындарға қатысу үлесі компанияның капиталында 49% шектеледі, бұл компанияны басқаруды кәсіпкердің өзі қамтамасыз етеді деген сөз.
«Бағдарлама өндірістің, инфрақұрылымдық жобалардың және т.б. қоса алғанда, өнеркәсіптің кең ауқымын қаржыландыруды көздейді. Бағдарлама екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады: корпоративтік бизнесті қолдау және шағын және орта бизнесті дамыту» - дейді «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы Ардақ Қасымбек.
Бағдарлама операторы – «Қазына Капитал Менеджмент», еншілес ұйымдары – «Baiterek Venture Fund» АҚ және «BV Management» ЖШС. Сонымен бірге шағын және орта бизнесті дамыту бағытында Сбербанк, ForteBank, ЦентрКредит Банкі, ВТБ Банкі және Альфа-Банк сияқты серіктес банктер тартылды.
«Қазіргі уақытта отандық кәсіпкерлер несие құралдары шектеулі жағдайында жұмыс істеп жатыр. Осы мәселелерді шешу үшін ККМ шағын және орта бизнестен ірі бизнеске дейін кең ауқымды кәсіпорындар үшін жаңа бағдарлама әзірледі, бұл біздің еліміздің іскер топтары арасында капиталға инвестициялау құралдарын пайдалануды кеңейтеді. Сонымен қатар, осыған дейін ҚКМ қараған әлеуетті жобалар да Бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытты», - дейді Ардақ Қасымбек.
ҚКМ еншілес ұйымы, «Baiterek Venture Fund» АҚ еншілес ұйымы «Казмясо» ЖШС жобасына жалпы құны 2,5 млрд теңге құрайтын инвестициялық келісімге қол қойылды. Қаржыландыру осы сегменттегі көшбасшылардың бірі болып табылатын Алматы облысындағы қолданыстағы мал шаруашылығы кластерін дамытуға бағытталатын болады. Қордың инвестициялары материалдық-техникалық базаны жетілдіруге бағытталған, бұл жылына 7000 бас асыл тұқымды ірі қара малдың бір реттік құрамы мен жылына 2500 тонна ет өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.