Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Дипломатиялық қызметінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.
Отандық дипломатияның 30 жылдығы Мемлекет басшысы жариялаған Жаңа Қазақстан құру жөніндегі ел тарихындағы жаңа кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайту, оның сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шетелдегі азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін мейлінше қорғау жолындағы қызметін одан әрі жалғастыра бермек,- деді Тілеуберді.
Оның айтуынша, елімізді өңірдегі беделі мен белсенділігін сақтай, көпвекторлы сыртқы саясат қағидатының негізінде шетелдік серіктестермен саяси, инвестициялық және сауда байланыстарын одан әрі дамыту мәселесі де Министрліктің аса маңызды міндеттерінің бірі болмақ.
Халықаралық қауымдастыққа Қазақстанның ауқымды реформалар жүргізіп, саяси жаңғыру жолына бет бұрған ел ретінде танытуға айрықша мән беріледі. Дипломаттарымыздың осы міндеттерді мүлтіксіз орындап, Жаңа Қазақстанның сыртқы саясатының алдына қойылған жаңа мақсаттарға қол жеткізетініне, еліміздің әлемдік сахнадағы беделі мен ықпалын одан әрі нығайта беретініне кәміл сенемін,- деді ол.
Тілеуберді атағандай, бүгін әлем коронавирустық пандемиядан кейін геосаяси шиеленістің өсуіне байланысты экономикалық қиындықтарға жалғасып отырған жоғары турбуленттік дәуірге енгенін атап өткім келеді.
Сауда қатынастарының өзгеруі нәтижесінде логистикалық және энергетикалық бағыттардың трансформациясы, сондай-ақ әлемдегі бұрын-соңды болмаған санкциялық текетірес жаңа тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді туындатуда. Осы жағдайда отандық дипломатияның күш-жігері Жаңа Қазақстанды құруға арналған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауқымды саяси және экономикалық реформаларын қолдауға бағытталады,-деді ол.