Отандық бизнесті шетелдік бәсекелестіктен қорғау керек

14 Мамыр 2024, 18:44
359
Бөлісу:
Отандық бизнесті шетелдік бәсекелестіктен қорғау керек
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Ертіс өңірінің сүт және ұн өнімдерін шығарушылар шетелдік әріптестерінің бәсекесіне төтеп бере алмай жүр. Олар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан жергілікті кәсіпкерлерді қолдауды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңір нарығына Ресей, Беларусь және өзге де елдерден өнім тасымалданады. Салдарынан жергілікті өнімге деген сұраныс азая түседі.

Ірімшік өндіруші Марина Рейдинаның айтуынша, ірімшік түрлерін шетелге импорттауға мүмкіндік жоқ.

Павлодарлық өнім Ресей шекарасынан аса алмайды. Себептері сан алуан. Шетелдік өнім бізге тасымалданады, ал біз импортқа шығара алмай жүрміз. Өйткені ресейлік өнімге салынатын салық, үстемелер мен өзге шарттар бізге қойылатын талаптармен бірдей. Бұны өзгерту керек. Қолдау болу үшін шетелдік тауарлардың баға үстемесін ұлғайту керек, ал біздің өнімге төмендету керек. Бірнеше жыл бұрын Үкімет импорттық жұмыртқаны әкелуге тыйым салды. Сүт және сүт өнімдеріне қатысты осындай шара қолданылса игі, - дейді ол.

Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбеновтің айтуынша, шетелдік бәсекелестіктен қорғау бойынша бірнеше кеңес өткізілген.

Бұл мәселе салалық мекемелерге жақсы таныс. Қазіргі уақытта қосымша ұсыныстарды жинап, жауапты органдарға жолдаймыз. Сонымен қатар салғырт импортерлерге қатысты тексеру жүргізу керек, - дейді Ерқанат Әбенов.

Жергілікті сүт өндірушілер сүт тапсыру бойынша техникалық регламент қабылдауды ұсынды. Шетелдік өнім тасымалдаушылар мен көрші елде жергілікті өндірушілерге қойылатын талаптарды теңестіру керектігін айтты. Сонымен қатар елдегі сауда желілеріне қойылатын сүт өнімдерінің 70%-ын отандық тауар құрауы керектігін алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы