Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы

20 Мамыр 2022, 12:12
1743
Бөлісу:
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын және орта бизнестің дамуы оң нәтиже көрсетіп отыр.

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Жалпы ішкі өнімдердің үлесі 25 пайыздан 35 пайызға дейін өсті. Өндірілген өнімдеріміз екі есе артып, 30 трлн теңгеге жетті. Бизнестегі жұмыспен қамтылған саны 3,5 млн адамды құрады. Іске асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы»  бағдарламаларының қолдау шаралары өз тиімділігін көрсетті. Аталған жобалар бойынша былтыр 1,9 трлн теңгеден астам кредиттер соммасына 51 мың жарым жобаға қаржыландыру жеңілдікпен берілді, - деді Үкімет басшысы Ulttyq onim іс-шарасында.

Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы

Премьердің дерегінше, мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған жалпы кредиттік портфель 57 пайызға артып, 3,4 трлн теңгеге жеткен.

Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы

Осы жылы жобаларды іске асыру үшін республикалық бюжеттен 195 млрд теңге қосымша қарастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға көп. Шағын және кәсіпкерлік субъектілерге тексеру жүргізуге Мемлекет басшысы жариялаған мораторий еліміздегі бизнеске оң әсерін берді. Сонымен бірге экономиканың тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлерге әсер етеін фактор импортты алмастыру маңызды. Өңдеу саласында импорт өткен жылы 38 млрд теңге болған. Бұл біздің отандық өндірушілерге өз ісін дамытуға және жаңа тауарлардың өндірісіне инвестиция бағыттау үшін үлкен мүмкіндік береді, - деді Әлихан Смайылов.

Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
Отандық бизнес оң нәтиже көрсетіп отыр – Үкімет басшысы
Өзгелердің жаңалығы