Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты.
Ұлттық статистика агенттігінің деректері бойынша жаңа тұрғын үй бағасы 8%-ға, екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы 13%-ға өсті. Отандық құрылыс материалдарының бағасы 16%-ға қымбаттаған.
Егер тұрғын үй бағасының өзіндік құнының құрылымына қарайтын болсақ, оның 49 пайызы құрылыс материалдарынан тұрады. Олардың негізгілері кірпіш, темірбетон бұйымдары, металконструкциялар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері бетон бағасы 12%-ға, цемент 5%-ға қымбаттаған. Аталған екі метериалдың ішкі нарықтағы қамтамасыз етілуі жүз пайызды құрайды. Ал арматура 45%-ға қымбаттаған. Оның ішкі нарықтағы қамтамасыз етілуі 60%. Кірпіш бағасы 60%-ға өсті, оның ішкі нарықтағы қамтамасыз етілуі 52 пайызды құрайды. Шыны бағасы 33%-ға өскен, ішкі нарықты шынымен қамтамасыз ету деңгейі бізде тек бір пайыз шамасында, - деді ол.
Оның айтуынша, ішкі нарықтың 50 пайыздық қамтамасыз етілуінің өзінде арматура бағасы ең көп қымбаттаған. Құрылыс материалдары нарығының қатысушыларының мәліметіне сүйенсек, материалдарының қымбаттауына электр энергиясының, магистральдік темір жол желісі мен жанар-жағар май бағысының өсуі себеп болған.
Агенттік жүргізген баға мониторингіне сәйкес, зауыттан тұтынушыға дейін цемент құнының өсуі 20%-ды құрайды. Бұл ретте алдын ала ақпарат бойынша бағаның өсуі көтерме бөлшек бөлімінде байқалады. Бірқатар ірі өндірушілер цемен сатуды тек өздерінің сауда және сату орындарында жүзеге асырады. Мысалы, «ЦентраАзияцемент», «Бұқтырмацемент» компаниялары. «Қазақстан теміржолы» компаниясының ақпаратына сүйенсек, цемент тасығыштардың жұмыс істеп тұрған паркі тасымалдау қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Бұл ретте осы жылдың мамыр айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда цемент тасымалының көлемі 14 пайыздан астам, яғни 900 мың тоннаға өскені байқалады. Теміржол магистралі тарифінің ұлғаюы цемент бағасының бес пайыздан артық өсуіне ғана әсер етті. Ценемент бағасы өсуінің нақты себептері байқалып отырған жоқ. Сондықтан өсудің негізі себебін қарастыру үшін көтерме бөлшек саудаға назар аудыралады, - деді ол.
Құрылыс материалдары бағасының алыпсатарлық өсуімен күресу мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кірпіш, цемент, арматура, қиыршық тас, полиэтилен құбырларын өндірушілер мен жеткізушілерге бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 26 хабарлама жіберді. Нарық қатысушыларына бағалық әсер ету үшін 10 құрылыс материалдарын өндірушімен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау туралы комплаенстар жасалды.
Тұрғын үй құнының өсуіне құрылыс материалдары бағасының өсуі ғана емес, сондай-ақ сұраныстың артуы да әсер етті. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша жыл басынан бері жасалған келісімдер саны өткен жылғымен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тұрғын үй нарығында дүрлігу мен бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 14 құрылыс компаниясына бағаны төмендету туралы хабарлама жіберілді, - деді ол.