Отандасымыз Берлин жартылай марафонына қатысты

3 Сәуір 2023, 13:25
725
Бөлісу:
Отандасымыз Берлин жартылай марафонына қатысты
Фото: Хабар24

Берлинде 42-жартылай марафон өтті. Оған 130 ұлттан 35 мыңнан астам желаяқ қатысты. Кениялық Себастьян Саве 21 шақырымды 59 минутта бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Спортшылардың арасында отандасымыз Тәкежан Талғар да бар. Ол қашықтықты 1 сағат 16 минутта жүгіріп өткен. Тәкежан Талғар күзде Берлин марафонында жүгіруді жоспарлап отыр. 

Өте жақсы өтті. Жүгіру спортымен шұғылданғаныма екі-үш жыл болды. Коронавирустың кезінде фитнес залдар жабылып қалғандықтан жүгіруді бастадым. Содан бері жүгірген өте ұнайды. Қазақстанда да марафонға қатысу жоспарымда бар, - деді BERLIN 2023 жартылай марафонына қатысушы Тәкежан Талғар.

Өзгелердің жаңалығы