Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Қазақстан инжиниринг” ҰК короновирусқа қарсы Үкімет қабылдап жатқан шаралар аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне өкпені жасанды желдетуге арналған 180 аппарат жинағын тегін беруге әзір.
Оқи отырыңыз:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, бұл аппараттар компанияның еншілес кәсіпорны “Тыныс” зауытында шығарылады. Аппарат өз бетінше жеке және жалпы оттегі беретін жүйеге де қосылып жұмыс істейді.
Бұл- “Көкшетау-4” деп аталатын жаңа үлгідегі 2019 жылы жасалған және өкпені оттегі-ауа қоспасы арқылы желдетуге арналған аппарат.
Сондай-ақ, осы өнім көлемін көбейтуге кәсіпорынның өндірістік қуаты жеткілікті- дейді “Қазақстан инжиниринг" ҰК Басқарма төрағасы Қ.Бишімов.